BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Биыл мерзімді әскери қызметке 35 мың азаматты шақыру жоспарланып отыр 

Елімізде әскери қызметін өтеуге 35 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланып отыр . Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

2018 жылы көктемгі-күзгі науқанға Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарға 1991-2000 жылдары туған 35 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде көктемгі науқанға 17 мыңнан аса азаматты шақыру қарастырылған.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясына келген спикерлер әскерге шақырылатын азаматтардың әскери қызметін атқарудағы маңыздылығы мен болашақтағы перспективалары жайлы түсіндіріп өтті.

«ҚР Қарулы күштері сержанттар мен қатардағы жауынгерлердің құрамының 70%-дан астамы кәсіби мамандармен жасақталған. Ал, қалған 30% -ды біз мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастармен толықтырамыз. Демек, біздің әскеріміз кәсіби, жоғары деңгейде дайындалаған жақсы мамандардан құрылған. Жылда келетін жастар өз елін, Отанын қалай қорғау керектігін, әскердің қай түрінде қандай қару-жарақтарды қолдану керектігін үйренеді. 12 айлық әскери қызметтің нәтижесінде әскерге келушілер әуеде, құрлықта және теңізде өздеріне қойылған кез-келген тапсырманы атқара алатын сарбаз болып үйлеріне қайтады»,- деді Астана қаласының ҚІД бастығының орынбасары Ғани Артықов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер