USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Биыл қыс қатты болады – Қазгидромет  

Бүгін ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» РМК өткізген бапасөз конференциясында Ұзақ мерзімді ауа райын болжау басқармасының бастығы Гүлмира Ақышева биыл қыста қар қалың түсіп, күн ызғарлы болатынын айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қарашада ауа райы тұманды болып, жауын-шашын мол түседі.

«Жауын-шашын мөлшері қалыпты нормададан жоғары болады. Қараша айының екінші жəне үшінші он күндігінде ауа температурасы едəуір төмендейді деп болжануда. Қарашаның басында солтүстік өңірлерде, екінші жартысында оңтүстікте қалың қар түседі. Еліміздің шығысы, солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендейді, күндіз орташа есеппен 8-16 градус суық болады. Батыста, оңтүстік пен оңтүстік шығыста түнде 5-12 градус, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз күтіледі», - деді Гүлмира Ақышева.

Мамандардың болжауынша, келе жатқан қыс ызғарлы болмақ. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында қыс басқа жерлердегі климаттық мəннен жоғары болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда мен Қарағанды облысында жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан асады.

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады