Биыл жол-көлік оқиғаларынан 4 314 адам зардап шекті - Қоғам|16 Мамыр 2018, 16:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Биыл жол-көлік оқиғаларынан 4 314 адам зардап шекті

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 75,5% артық. Сондай-ақ, биыл 4 мыңнан астам адамның жол-көлік оқиғасынан зардап шеккені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетінің сайтына сілтеме жасап.

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 75,5% артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 839,5 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы 3 айда 4 314 адам зардап шеккен 3 047 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 2,4% азайған.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,9 млрд теңге сомасына 16 895 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

k14-05-2018-3

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша. www.stat.gov.kz / Негізгі / Жаңалықтар - Комитеттің баспасөз хабарламалары.

4) Толық ақпарат статистика комитетінің ресми сайтында орналасқан/ Ресми статистикалық ақпарат (салалар бойынша) > Көлік > Жедел деректер(жедел ақпарат, бюллетендер).

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер