USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Бичке айналған Бекболат...

«Досым Табылдың елден ерек бір дағдысы бар. Конақта болсын, көпшілік шарада болсын жаңа танысқан адамынан сәлемнен кейін руын сұрайды, тегін нақтылайды. Сондай бір жағдай Оралда болған, – деп бастады әңгімесін Мұхтар Сапарғалиев. – 2009 жылы Табылды екеуміз Ақтөбедегі ортақ досымыз Бижанға баруға жолға жиналдық. Вокзал басындағы асханаға кіре сала даяшы қыздан Табылды жуан даусымен «Нелі боласың қарындас?» - деді. Тосыннан қойылған сауалға тосырқаған ол қыз «Руым Алаша»,-дегеннен басқа тіл қатпады. Солай отырғанда бұрышта сақал-мұрты өскен, көзінен нұр тайған, киімі-кір қожалақ қаңғыбас кезбе «Мен де Алашамын, Алашаның Шотқарасымын»,-деп саң еткен дауысына екеуміз де жалт бұрылдық. Табылдың жанары жалт етіп, әлгі бейбаққа тесіліп бір қарады да дереу дастарқанға шақырды. Байқаймын Такең әлгіні шырамытып тұр. Екі рюмка арағы мен бір үзім нанын әлгі кезбе біздің столға ала келді.

- Неге ішіп жүрсің?

- Әйеліммен ажырасып кеткенмін. Жалғыз қызым мүгедек. Соның туған күні бүгін.

- Тумалас екенбіз. Шотқара болсаң Табылды Досымов дегенді танисың ба?,-деп Такең көзінен көз алмай әлгіні бағып отыр.

-Неге танымайын. Әндері керемет. Ол менің көкем ғой,- деп әлгі сорлыны аяқасты өксік қысып отырған жерінде жылап жіберді.

- Әнін алғаш орындаған әншілердің бірімін ғой. Атым Бекболат...

-Бекболат.........

-Руслан, бар мәшинадағы гитараны әкел.

Бір кезде әлгі кезбе «Ұнатамын мен сені», тағы бірнеше әнде қатарынан орындағанда Табыл отырған дастарқан жанына көп жолаушы жинала қалды. Риза болған Табыл орнынан тұрып қолын қысты. Табылды КазГУ-де оқып жүргенде Бекболат Тілепов Алматыда эстрада-цирк студиясында Зейнеп Қойшыбаеваның шәкірті болып жүрген еді. Балаң болса да ақын мен әнші бір-бірінің өнерін Алматыда қатты құрметтеп жүрген. Енді міне араға жылдар сала алдында сұраусыз сорлы, диуана отыр.

- Жігіттерден сұрастырғанмын, сені өліп қалды деп еді ғой.

- Отырмын ғой алдыңда.

- Дәстүрлі әнші Серік Әбдірахаманов айтты ғой «өліп қалған Бекболат»,-деп.....

Сол жерде Табылды дереу Серікке звондап, вокзал басына шақыртты. Ол да жетті он-он бес минутта алқынып.

- Серік, Бекболат Тілеповті қайтыс болды деген жоқсың ба? Мынау кім сонда?,-деп алдындағы кезбені сілтеп Тәкең оған сұраулы жүзбен қарады. Бекболат жалтақ-жалтақ біресе Серікке, біресе Табылдыға қарап, бейшара кейпінде шарасыздықтың табы тұрды. Сөйткенше болмай поезд станцияға келіп, жұрт перронға шұбырды. Табылды Бекболатқа кейін оралатын мерзімін айтып, осы вокзалдан тосуын өтініп, оны Индерге біржола алып кетуге келіскен болатын. Алайда, Бекболат кезбе вокзалға шықпады. «Қызымның туған күні» дейтін сөзі жұртқа күнде айтатын уәжі екен. Одан кейін Табылды да денсаулығы болмай, басымен әлек болып кетті.

Нұрлан Қазиұлы, kazakh-tv.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады