USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Бекболат Тілеухан: Домбыраны қатты ұстағаннан физианомиям бұзылды

Бүгін елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жастармен «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жүздесу барысында Бекболат Тілеухан Елбасының дүрбелең кезеңдегі қайраткерлігі, мінезінің бекемдігі мен қажыр-қараты жайында сөз қозғады.

«Тәуелсіздіктен тәтті ештеңе болуы мүмкін емес. Азаттықтан асыл ештеңе жоқ. Өз шаруаңды өзі шешу деген мақтанарлық жайт. Тәуелсіздіктің елең-алаңында Елбасының алдында тарау-тарау жол тұрды. Таңдау керек болды. Мемлекет басшысы шатасса бүкіл алаш жұрты шатасатын еді. Ол кісі құласа, бүкіл қазақ құлар еді. Бүкіл ұлттың жауапкершілігін бір адам мойнына алды. Бұл сұмдық тарихи жауапкершілік», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар ол өнер жолында аз қиыншылық көрмегендігін, дене бітіміне де кері әсері болғандығын атап өтті.

«Жасыратыны жоқ, осы домбыраны қатты ұстағаннан физианомиям бұзылды. Екі иығым тең емес. Мысал үшін екі қолым екі түрлі. Менің айтайын деп отырғаным, бір нәрсеге жан-тәніңмен беріліп айналыспасаң, ешнәрсе шықпайды. Ол спортта да, өнерде де солай. Өте талантты адамдар болады. Бірақ, ол талантын ұштамаса қалып қояды», - деді ол.

Әнші Ибрагим Ескендір жүргізген шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Бейбіт Қорған мен Ернар Айдар, актер Әділ Ахметов, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатысып, Отан, елдікті сақтау, бейбітшілік қадірі, азаттық жолында жан қиған асыл ерлердің ерен еңбегін тілге тиек етті.

Кездесуді Астана қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады