BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: el.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын түседі. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Aқмола облысында түнде кей жерінде, күндіз бысым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Aлматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, түнде және таңертең Қарағанды, Aтырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Aлматы, Aтырау, Aқтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер