BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болжанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыстың және солтүстік-батыстың кей жерлерінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ сақталады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз көктайғақ болады.

Ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с дейін жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер