BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Бауыржан Байбек «Сайран» автовокзалының ғимаратын жөндеуді тапсырды

Күнделікті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық «Сайран» автовокзалының ғимараты мен оның айналасын және «Саяхат» автобекетін аралап көрді. Мегаполис басшысы «Сайран» автовокзалының көптен бері халықаралық деңгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда «Туризмді дамытудың 100 қадамы» жол картасы аясында қала сервисі мен оның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірге «Алматы-1» және «Алматы-2» вокзалдарын реконструкциялау мен қызмет сапасын жақсарту барысында біріккен жоспар қабылданған еді. Дегенмен, мегаполистің автомобиль вокзалдарының жағдайлары қанағаттанарлық емес болғандықтан, жаңартуды қажет етеді.

Бүгінгі күні «Сайранның» вокзал алды айналасында бірқатар құрылыстар бар. Кеңестік модернизм стилінде салынған ішкі әрлеудің элементтері мен ғимараттың сыртқы келбеті бұрынғы бейнесінен біршама айырылған, соның салдарынан архитектуралық бірегейлігі жойылу қаупі бар.

Ішкі туризм әлеуетін дамытуды ескерген Бауыржан Байбек күн сайынғы жолаушы легі 1200 адамды құрайтын автовокзал айналасын ретке келтіруді және оның ғимаратын жөндеуді тапсырды. Заңнамаға сәйкес, нысанды жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады. Айта кетерлігі, бұрындары мегаполис басшылығы құны 20,2 млрд теңгені құрайтын «Батыс» автовокзалын салу жөніндегі жобаны бекітпеген еді.

«Өткен жылы басталған қаланы қайта жаңғырту аясында біз Алматыға бұрынғы тарихи келбетін қайтарудамыз. Ең алдымен, нысандардың алғашқы бейнесін сақтау қажет. Сарапшыларды тарта отырып, жолаушылар легінің логистикасын толық қайта қараған жөн. Біз тарихи нысанды қалпына келтіріп, вокзалдың барша қызметін жаңаша жүргізіп, оны қаланың көлік хабына айналдырамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде автовокзал айналасында заңсыз салынған құрылыстар алынуда. Автовокзал айналасында бұрындары саудамен айналысқан кәсіпкерлерге ауданның сауда орындары мен базарларынан жеңілдетілген орындар ұсынылады.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала маңындағы елді мекендерге қызмет көрсететін «Саяхат» автобекеті мен оның айналасын аралап көрді. Жер учаскесінің иелері оның айналасын абаттандыру бойынша тиісті жұмыстарды бастауға және одан әрі дамыту жөніндегі нақтылы жоспарды қысқа мерзімде ұсынуға міндеттелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер