USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Басшылар тамыр-таныстыққа жол бермеуді үйренеді  

Фото: ioff.kz

Бүгін «Самрұқ-Қазына» корпоративтік университетінде НR академиясы ашылды. Мұнда ұлттық компаниялар басшылары мен менеджерлері қызметкерлердің білімін жетілдіруді, олардың мүмкіндіктерін бағалауды, еңбегіне баға беруді және тамыр-таныстыққа жол бермеуді үйренеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Оқу 6 айға созылады. НR саласының қыр-сырын меңгеруге 25 маман өтініш білдірген. Бұл туралы аталмыш университтетің директоры Гүлмира Раисова мәлімдеді.

«HR мамандар басшыларға қандай қызметкерлерді алуға болатындығы жөнінде ақыл-кеңес береді. Менеджерлер компания жұмысшыларының білімін жетілдіруге, олардың мүмкіндіктерін бағалауға, еңбегіне баға беруге, ұжым ішіндегі жағдайды жақсартуға жауапты. Біз де бүгін осы бағытта жұмыс істеуді бастадық», - деді ол.

Гүлмира Раисованың пікірінше, «НR-академиясы» бағдарламасы бойынша оқыған мамандар еліміздегі кадр мәселесін тиімді шешуге өз септігін тигізеді.

«Академияда ұлттық және жеке компаниялар басшылары, менеджерлері, мемлекеттік қызметкерлер білім алуда. Оқу бағдарламасы 6 айға созылады. Олар қызметкер іздеген кезде олардың қабілеті мен мүмкіндігіне баға беретін болады. Бүгінгі таңда 25 маман оқып жатыр. Трансформация бағдарламасы аясында адам ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде арнайы оқыту әдістемесін әзірледік. Яғни, басшылар мамандарды жұмысқа қабылдауды, кадрды қалай тиімді басқаруды, сондай-ақ кадрларды жұмысқа орналастыру кезінде тамыр-таныстыққа жол бермеуді үйренеді», - деді директор.

Ал «Самрұқ-Қазына» АҚ Адам ресустарын басқару басқармасының бас директоры Дэниэл Крюсберг Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына оң баға берді.

«Кез келген компания ұзақ мерзімді жоспар құрған кезде адам капиталына сүйенеді. Бұл жерде НR-менеджердің рөлі өте зор. Неге? Себебі, бұл мамандар кадрлармен жұмыс істейді. Компанияның болашағына жауап береді. Қазақстан осы бағыттағы жұмысты жандандырып жатыр. Бұл өте орынды», - деп түйіндеді сөзін шетелдік маман.

Ұқсас сілтемелер:
02 Желтоқсан 2016, 10:36
Жол апатына кім кінәлі?
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады