BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Balapan арнасы «Ақсақ құлан» анимациялық фильмін жаңа сериялармен жалғастырады

Фото: www.kokil.kz

Balapan телеарнасы күйшілердің классикалық туындыларын анимациялайтын «Қоңыр қаз» жобасын қолға алды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрметті достар! «Қазақстан» РТРК Balapan телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз», – деп жазды министр.

Аталған жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты күйшілердің классикалық туындылары анимацияланады. Сондай-ақ, Дәурен Абаев әр бөлімге арнайы сценарий жазылатынын айтты.

«Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асты. Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері – Дильшат Рахматуллин. Басты мақсат – Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», – деді Дәурен Абаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер