USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Бақытты әйел - уақытында үйінде отыратын күйеуіне керек әйел

Бақытты әйел немесе жас қыздарға кеңес.
Менің фб-дағы түрлі айтыстар мен концерттерде түскен əдемі суреттерімді көріп бір қыз бала:"Сіздерге қарап қызығамын. Бақыттысыздар ғой" деп жазыпты. Ойланып қалдым..

Алла маған өнер берді, сүйкімді кескін-келбет берді, ақыл-білімнен де кенде етпепті. Бақытсызбын деп мұң шаққаным ұят шығар. Шүкір Аллаға. Тəубе дейміз ғой. Бізге қаракөз қанша сіңлілеріміз қызыға қарайды. Бірақ, қадірлі менің замандастарым, бақыт деген біреудің қолындағы жылтырақ емес. Барыңды бағалай білсең, барға қанағат етсең-бақыт деген осы! Бақытты əйел деген күнара ұшаққа отырып қала мен даланы кезіп, түтін шыққан жерді түгендеп жүрген əйел емес. Бақытты әйел деген күніге өз отының басында бала-шағасына мейірімін төгіп, күйеуінің жолын күтіп, жағдайын жасап отырған əйел. Бақытты əйел деген тойдан табыс тауып жүрген əйел емес, бақытты әйел - уақытында үйінде отыратын күйеуіне керек әйел! Мейірімі шексіз Алла баршамызды бақытты етсін деп тілеймін!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады