BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Бақыт Сұлтанов Қаржы министрлігі органдарындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтты

Фото: qazaquni.kz

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында Қаржы министрлігіндегі оның ведомстволары мен аумақтық органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов аталған ведомство жүйесінде, атап айтсақ Мемлекеттік кірістер және Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алып отырғанын атап өтті.

«2017 жылы министрліктің 75 қызметкеріне қатысты 70 сотқа дейінгі істі жүргізу, оның 46-сы немесе 66%-і Мемлекеттік кіріс комитетінің ішкі қауіпсіздігі басқармасымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде қозғалды. Дәл осы жылы Мемлекеттік кіріс комитетінің 65 қызметкеріне 63 сотқа дейінгі істі жүргізу қозғалды», - дейді ол.

Ол Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 8 қызметкеріне қатысты 6 сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалғанын атап өтті. Қаржы министрі сыбайлас жемқорлық фактілерімен күресте сыбайлас жемқорлықпен әшкереленген қызметкерлердің басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.

«2017 жылы Қаржы министрлігі органының 78 бұрынғы лауазымдық тұлғалары жеке жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік негізде 74 тікелей басшы жазаланса, 4 соның ішінде 6 басшының қызметі төмендеді. Биыл Мемлекеттік кірістер комитеті бөлімшелері, яғни ОҚО мен Маңғыстау облысында 2 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Сұлтанов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер