USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Бәйтерек Development» АҚ-ның бұрынғы басшысы ұсталды

«Бәйтерек Development» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Бақыт Жақсыбаев ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша «Бәйтерек Development» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу барысында қылмыстық жүйені ұйымдастырушылардың бірі – бұрынғы басқарма төрағасы, қазіргі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Б. Жақсыбаев тұтқындалды. Жақсыбаев қылмысқа қатысушылардың қызметіне басшылық жасап, олардың рөлі мен алатын параларының көлемін анықтап отырған», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

2016 жылдың 30 қарашасында №2 Алматы аудандық сотының санкциясымен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады