BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды

Ол ғарыш айлағынан бүгін ұшырылуы тиіс болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Прогресс МС-07» транспорттық жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру резервті датаға ауыстырылды.

«Прогресс МС-07» кемесін ұшыру резервті датаға ауыстырылды...Естеріңізге салсақ, резервті дата – 14 қазан, Мәскеу уақытымен 11.46 (Астана уақытымен 14.46 ред. ескертп.)», - деп мәлімдеді Ұшуды басқару орталығы (ҰБО).

Зымыран тасығышты ұшыру неге кейінге қалдырылғаны нақтыланбаған.

ҰБО өкілінің айтуынша, жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына дәстүрлі екі тәуліктік схема бойынша ұшады. Ал станциямен 16 қазанда Астана уақытымен 17:11-де түйіседі деп жоспарланып отыр.

Ол ұшыру мен түйісудің нақты уақытын мемлекеттік комиссия анықтайтынын нақтылады.

Айта кетсек, дәстүрлі екі тәуліктік схемада зымыран ұшырылғаннан кейін 50 сағаттан соң станциямен түйіседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер