BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Байқоңырдан ғарыш кемелері ұшырылмайды – дереккөз

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы үш айда Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылу жұмыстары жүргізілмейді, олар тек қазан айында басталады, деп хабарлайды РИА Новости ғарыш айлағындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

«Шілде, тамыз және қыркүйек айларында ұшырылу болмайды. Жақын арадағы ұшырулар қазан айында болады деп күтілуде. Мәселе, 11 қазанда ұшырылатын "Союз МС-10" басқарылатын ғарыш кемесі туралы», - деді сұхбаттасушы.

ХҒА-ға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хайг ұшады.

31 қазанға жоспарланған ұшырылу аясында ХҒА-ға "Прогресс МС-10" жүк кемесі жөнелтіледі. Содан соң, жыл соңында EgyptSat-A мысырлық жер серігі ұшырылады. Сонымен қатар, "Благовест" әскери аппараты және 20 желтоқсанда - "Союз МС" басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгінде Ресей 2018 жылы ғарыш мақсатында тоғыз зымыран ұшырды. Оның ішінде бесеуі Бойқоңырдан, үшеуі Плесецктен, тағы біреуі Шығыстан ұшырылды.

Соңғы рет, Бойқоңырдан "Прогресс МС-09" жүк кемесі ұшырылды. Ол ХҒА-ға ұшу уақыты бойынша рекорд орнатты.

Жалпы, бүгінде Қытай ғарыш кемелерін ұшыру бойынша көш бастап тұр. Бүгінде Қытайдан 19 ғарыш кемесі ұшырылса, бұл көрсеткіш АҚШ-та 18 құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер