BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1А» зымыраны ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан 13 ақпан күні Астана уақытымен сағат 14:11-де Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Прогресс МС-08» жүк кемесін тіркеген «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды baq.kz ақпараттық агенттігі «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанармай, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.

«Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған еді. Бірақ сол күні ұшыру 13 ақпанға шегерілген. Зымыран қозғалтқыштардың автоматты түрде өшіп қалғанынан ұшырылмағаны хабарланған. Енді әуе кемесі станцияға екі тәулік өткеннен кейін, 15 ақпан күні 13.45-те жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер