BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі ұшырылды

10 шілдеде Астана уақыты бойынша 03 сағат 51 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы көмегімен «Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұшырылым «Союз» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан бастау алды және штаттық режимде өтті.

«Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүк кемесін ұшырудағы мақсат халықаралық ғарыш стансасына экипаж жұмысының тіршілігіне және станцияның жұмыс істеуіне қажетті жанармай, азық-түлік, су секілді жүктерді жеткізу.

«Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесін ресейлік «С.П. Королева атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы құрастырған және ол орбиталдық стансаны жабдықтау үшін «Союз» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығатын пилотсыз транспорттық жүк кемесінің сериясына жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер