BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

«Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Астанада цирк өнері әлеміндегі ең ауқымды шаралардың бірі – XI «Азия жаңғырығы» фестивалі аяқталды. Елорда тұрғындары мен қонақтарының алдында 13 мемлекеттен келген 60-тан аса әртіс өнер көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

XI «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің қорытындыларына сәйкес бас жүлдені астаналық «Барыс» атты акробатикалық ансамблі еншіледі.

Бірінші жүлдеге вьетнамдық «Бос сым» номері, Астана циркінің «Қарсы әткеншек» цирк номері, шымкенттік Нұрсұлтан Қанаев, Ибрагим Әлиев, Ұлықбек Мелдешов орындаған «Семофор» номері лайық деп танылды.

Екінші жүлдеге венгриялық өнерпаздар орындаған «SilkAct» төсемі номері, Минскіден келген Алена Климовичтің «Антипод» номері, ашхабадтық Лилианна Юсупованың «Сақина» номері ие болды.

Астана циркінің өнерпаздары ұсынған «Сигвейдегі эквилибр» цирк номері, ресейлік Максим Карпов, Артем Бабинов, Константин Копейкин қойған «Шұлықсыз» номері, алматылық әуе гимнасшыларының номері үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, фестивальде Астана қаласы әкімінің сыйлығы ойнатылды. Ресейлік өнерпаздар ұсынған «Зебра» вольтижі цирк номері осы сыйлыққа лайық деп танылды. Жетекшісі – Вячеслав Новичихин.

«Астаналық цирк» тағайындаған арнайы сыйлық «Эквилибрлер триосы» тобы – киевтік Анжела Шугайлоға, Анастасия Ярошенкоға, Виктория Терентиеваға, «Даршылар» номері үшін бішкектік Данияр Омурбековке бұйырды.

Мұнымен қоса, «Азия жаңғырығы» ХІ фестивалінде «Жаңа буын» арнайы сыйлығы тағайындалған болатын. Алматылық әуе гимнасшыларына жетекшілік еткен Ольга Демидова қанжығасына байлады.

Қазақстандық цирк әртістері фестиваль барысында Монте-Карлода өтетін балалар фестиваліне шақырылды.

Азия жаңғыры фестивалінің ұйымдастырушылары да назардан тыс қалмады. Астаналық цирктің бас директоры Ерік Жолжақсыновқа «Ереван циркінің» көркемдік жетекшісінің арнайы сыйлығы табысталды.

Еске салсақ, 4-8 шілде аралығында еліміздің бас қаласында Астананың 20 жылдығына орай, Орталық Азияда баламасы жоқ жыл сайынғы цирк өнері фестивалі өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Украина, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сияқты елдерден келген қатысушылар елордалық цирк манежінде А және Б конкурстық бағдарламаларында өнер көрсеткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер