BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

«Азия Радиосы» фестивалінде қазақстандық әншілер өнер көрсетеді 

Алдағы күндері елордада өтетін «Азия Радиосы» фестивалінде қазақстандық әншілер өнер көрсетеді. Бұл жөнінде Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазмедиа» орталығының бас директоры Ләззат Жүнісова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«10-12 шілде аралығында Астанада өтетін «Азия медиа диалогы» халықаралық жиынға әлемнің 37 елінен келген 100-ге жуық өкіл қатысады. Жиын аясында бірқатар маңызды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, 10-11 шілдеде «Азия радиосы» халықаралық конференциясы болады. Мұндай конференция Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отыр. Шара барысында радиохабар таратудағы маңызды бағыттар талқыланады. 11 шілде Азия радиосының Халықаралық ән фестивалі өтеді. Фестивальге Үндістан, Вьетнам, Қытай, Түркия және тағы 10 мемлекеттен келген жас әншілер қатысады. Ал Қазақстаннан атынан Рүстем Жүгінісов пен Джордан Аракелян өнер көрсетеді», - деді медиаорталықтың басшысы.

Ләззарт Жүнісова атап өткендей, фестваль «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залында өтеді. Сағат кешкі 19:00-де басталатын бұл шараға кіру тегін.

«12 шілде күні «MEDIA – 2020» Халықаралық конференциясы өтеді деп белгіленіп отыр. Оның аясында Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы медиабасшылары медиа саланы дамытудың өзекті мәслелерін талқылайды», - деді спикер.

Айта кету керек, аталған іс-шаралар Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен (ABU) бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер