BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Автобус жүргізушілері бір күнде 160 заң бұзушылық жасаған

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы бойынша «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. ІІД-нің мәліметі бойынша бір күннің өзінде ЖПҚ қызметкерлерімен жолаушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің 160-тан астам құқық бұзушылықтарын анықтаған.

«Оның ішінде нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану бойынша 16 факті, жүргізушілердің автобус жүргізу сәтінде телефонмен сөйлесуі бойынша 14, 12 маневр ережелерін бұзу, 10 техникалық тексерістен өтпеген автобустарды пайдалану, жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы бойынша 5 факті анықталды», - делінген ІІД таратқан хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер