USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Ауа райы: Көктайғақ көбейеді

Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде. Алдағы үш тәулікте ауа-райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура минус 3 - плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсанда күндіз, 3-желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2…плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады