BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Атыраулық 40 сарбаз Таразға әскерге аттанды

Астана, BAQ.KZ. 12 қазан күні Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына қабылдау салтанаты өтті. Атыраулық 40 сарбаз Тараз қаласындағы құрлық әскеріне шұғыл әскери қызметке жіберілді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев болашақ жауынгерлер, олардың туыстары мен жақындары алдында сөз сөйледі.

«Бүгін біз қазақстандық әскер қатарына жас жігіттерімізді Отан алдындағы борышын атқаруға жібереміз. Бірақ, борыштан бөлек, әскери қызмет – сарбаз үшін ең жақсы өмірлік мектеп. Әскердегі қызмет бірқатарыңызға жетілу, мінез, батылдық үшін өмірлеріңіздегі алғашқы сынақ. Бүгінде біздің еліміз әлемдік кеңістікте өзіне лайықты орны бар мемлекет. Бұл, әлбетте, Елбасымыз, бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасы. Қазақстандық әскер үшін материалдық-техникалық база, әлеуметтік көмек тұрғысынан барлық жағдай қарастырылған. Бұл біздің әскерге шекарамызды қорғауда алға қойылған стратегиялық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Жас сарбаздарға азаматтық борыштарын лайықты түрде өтеп, анттарына адал болуларын тілеймін», - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс басшысы сонымен қатар, жауынгерлерге әскери қызмет қиындығына мойымай, аман оралып, батылдық танытып, мұқтаж адамдарға әрдайым көмек көрсетуге қабілетті болуларын тіледі.Басты міндет – жас ұрпақ санасында өз елі мен болашағына деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ояту. Көптеген жастар Отанға қызмет ету – әр ер азаматтың борышы екенін түсінеді.

Атырау облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник Батырхан Ақбалиевтың айтуынша, бүгінгі жауынгерлердің әр қайсысы нағыз сарбаз болуға лайықты.

«Әскердегі қызмет кешегі жасөспірімді келешек Отанына адал ер азамат болуға тәрбиелейді. Ақ жол тілейміз», - деді Батырхан Ақбалаев.

Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш және сарбаздардың туысқандары да өз тілектерін білдірді.

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Қазақстанда сарбаздарды күзгі Қарулы Күштер қатарына шақыру басталған болатын. Республика бойынша 1992-2000 жылы туылған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланған. Атырау облысынан күзгі маусымға 826 сарбаз шақырылды. 215-і әскери бөлімдерге орналасуға жіберілді. Олардың 175-і ҰҚК Шекара қызметіне, 40-ы Қарулы Күштерге қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер