BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Атырау облысының кәсіпкерлері 900 млн теңге несие алды

2017 жылы Атырау облысында жаңа бизнес жобаларды іске асыруға мемлекет тарапынан 900 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 750 адамға кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрену үшін 51 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар, 137 кәсіпкерге микронесиелер беру үшін 840 млн теңге, микронесиелерді кепілдендіру үшін 97,6 млн теңге және операциялық шығындарды субсидиялауға 9,1 млн теңге бөлінді.

Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 173 кәсіпкерге 900 млн теңгеге несие берілді.

«Кәсіптік департаменттер мен қаржы ұйымдарында барлық ауылдық және кенттік округте несие беру тәртібі туралы облыс тұрғындарын ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер