BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан облысында тұрады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан облысында тұратынын айтты.

«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 504 мың адамды немесе 97,3 отбасын құрайды. Оның ішінде 72,4 адам немесе атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 14,4% (18,2 мың отбасы) шартсыз ақшалай көмек, ал 431,6 адам немесе 85,6% (79 мың отбасы) шартты ақшалай көмек алады. Өңірлер бөлінісінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан облысында – 34,8%, Жамбыл облысында – 11,7%, Алматы облысында – 10,7%, Қызылорда облысында – 7% және Шымкент қаласында – 9,7% тұрады. Яғни алушылардың 75% осы оңтүстік өңірлерде шоғырланған», - деді Әбілқасымова Мәжілісте өткен «Атаулы әлеуметтік көмекті іске асыру барысы туралы» Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, алушылардың 66% ауылдық жерлерде (330 900 алушы) және 34% қалалық жерде (173 100 алушы) тұрады.

«Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрылымында балалы отбасылар басым. Олар жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы-бенефициарлардың шамамен 41% құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрылымында 25%-ды толық емес отбасы құрайды. Бұдан басқа, шартсыз ақшалай көмек алушылардың құрамында толық емес отбасылардың үлесі 87,4% құрайды немесе 18 200 отбасының 15 900-і толық емес отбасы», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Министрдің айтуынша, осылайша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарында ауылдық жерлердегі отбасылар басымырақ – бұл барлық отбасының 63%, оңтүстік өңірлердегі көп балалы отбасылар – 40% және толық емес отбасылар – 25,2% құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер