BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астананың сол жағалауындағы көшеге Қайым Мұхамедхановтың аты берілді

Бүгін Астана қаласында Қайым Мұхамедханов атындағы көшенің ашылуына орай салтанатты шеру өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Елордада Қазақ технология және бизнес университеті мен «Баян батыр» қоғамдық қоры «Қайым Мұхамедханов - ғалым, азамат, патриот» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өткізді. Оған қазақстандық атақты ғалымдар, педагогтар, студенттер, қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлер, Қайым Мұхамедханов шәкірттері – Тұрсын Жұртбай, Ғарифолла Есім, Ербол Іргебай, ақын Несіпбек Айтов қатысты.

Шара барысында қайраткердің өмірі мен еңбек жолы жайында естеліктер айтылды.

«Қайымның екі ұстазы болған. Біреуі – Абай, екіншісі – Мұхтар. Ол осы екі адамға адал қызмет етті. Біз содан үйрендік. Қайымнан үйреніп, кітап жазып жатырмыз. Соның еңбек жолын үлгі етеміз», - деп еске алды шәкірті Ғарифолла Есім.

Сонымен қатар, Қазақ технология және бизнес университеті ғимараты алдында Қайым Мұхамедханов атындағы көшенің ашылуына орай салтанатты шеру өтті.

Қайым Мұхамедханов – Қазақ КСР мемлекеттік Гимнінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан тәуелсіздігінің рухани негізін құрайтын ғылыми-мәдени құндылықтарын ашуға және сақтауға өлшенбес септігін тигізгені үшін көптеген лауазым мен марапат иегері. Алғашқы Абай мемлекеттік музейінің негізін қалаушы (1940 жылы), ғылыми абайтану, шәкәрімтану, әуезовтану, алаштану негізін қалаушы, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Абай және Шәкәрім сөздерінің түпнұсқасын сақтаған майталман педагог, тыйым салынған кезеңге қарамастан жүздеген жазбаларды сақтап қалған тұлға.

Ол – Қазақ КСР халықтық ағарту үздігі, КСРО ағарту үздігі, Семей, Аягөз қалаларының және Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей, Абай аудандарының құрметті азаматы. Көптеген лауазым мен марапат иегері: Абай халықаралық академиясының алтын медаль лауреаты (Лондон, 1995 ж.), Қазақстан жазушылар одағының Абай халыққаралық сыйақысының бірінші лауреаты (1996 ж.), Қазақстан жазушылар одағының «Алаш» халықаралық әдебиет сыйақысының алғашқы лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағы сыйақысының лауреаты.

1951 жылы Абай мектебін сақтап қалғысы келген әрекеттері үшін репрессия мен азапты бастан кешіріп, өз идеяларынан бас тартпағаны үшін ғалым Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейін 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйақысына лайық деп танылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер