BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар жинауда

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қардың мол түсуіне байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы қарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмыс барысында жолдың жүріс бөлігінен, сонымен қатар тұрғын үйлердің орамішілік аумағынан уақтылы қарды алуға кедергі келтіретін жағдайлар орын алған. Мысалы, автокөліктер кез келген жерге қойылған.

Астана қаласы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан қар жинау жұмыстарына түсіністікпен қарауды және қар жинауға кедергі келтіретін автокөліктерін алып тастауды сұрайды.

«Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, абай болуды, жаяу жүргіншілерді жолды рұқсат етілген жерден өтуді сұраймыз», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер