Қарлы боран астаналықтарды әбігерге салды - Қоғам|11 Қаңтар 2018, 11:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қарлы боран астаналықтарды әбігерге салды

Фото: автор

Бүгін Астанада соққан боранның салдарынан жолдар жабылып, адамдар «ұшып» кетудің аз-ақ алдында тұрса да, олар табиғаттың тосын мінезін әлеуметтік желіге жариялап үлгеріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Таң Астана қаласы Білім басқармасының «11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждегі 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», - деп жазылған хабарламасынан басталды. Содан соң Қабанбай батыр тас жолы жабылды. Қаладағы басқа да трассалар уақытша жабылатыны хабарланды.
Ал бұл кезде тұрғындар ұйытқыған бораннан ұшып кетейін десе де жұмысына асықты. Бірқатар әлеуметтік желі қолданушылары смартфондарына түсірген бұрқасын боранды жариялап үлгерді.

A post shared by Maks (@m.lancer11) on

«Ал біз ұштық, ұштық, ұштық»

A post shared by Астана | Новости (@astana.day) on

@astana.day парақшасында жарияланған видеодан желдің күшін байқауға болады. Посттағы пікірлерге қарап астаналықтардың мұндай боранды сағынғанын байқайсыз.

Катя есімді оқырман «Астанада дәл мұндай боранның соқпағанына көп болды. Бала кезімді еске алдым» деп жазды.

Келесі бір қолданушы таксидің «Азия парктен» «Мега Силкуэйге» дейін 3000 теңге сұрағанын айтып, ренішін білдірді.

A post shared by

@gulzhik_ra «Желмен жағаласып, адамдар да ұшып жүр ғой далада», - деп бөлісті.

A post shared by Gulzhan

Еске сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер