BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астананың 20 жылдығына арналған фотобайқау жарияланды

Фото: архив

«Жастар» сарайы елорданың 20 жылдығына орай «Менің сүйікті Астанам!» атты фотоәуесқойлар арасында байқау жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, «Жастар» Сарайы жыл сайын «Сандық дағдыларды» баули отырып және өз кезегінде сананың жаңғыруына септігін тигізетін «адал бәсекелестікті» тудыра отырып, фотобайқау өткізеді. Бұл байқау осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

  • «Астананың арайлаған ақ таңы»
  • «Үлкен қала жарығы»
  • «Ең бастысы, суретке түсірушінің сәтті пайдалана білуі»

«Менің сүйікті Астанам!» елордалық фотобайқауының жеңімпаздары атанған үздік жұмыс авторлары ақшалай жүлделермен және I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 15 маусымға дейін қабылданады.

«Менің сүйікті Астанам!» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі 2018 жылдың 1 шілдесі күні сағат 15.00 «Жастар» Сарайында өтеді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 6 шілдеде ұйымдастырылады. Байқау ережесін осы жерден жүктей аласыз.

Еске сала кетейік, байқауға барлық ниет білдіруші фотоәуесқойлар қатыса алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер