BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Астаналықтарға пластик пен қағазды сары контейнерлерге салу ұсынылады

Фото: greenpeace.org

Сары түсті алты мыңнан астам контейнер қала көшелерінде шілдеде пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды екіге бөліп жинауды ұйымдастыру жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны елорда әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС бірлесіп әзірледі. Бірінші кезеңде әзірлеушілер тұрғындарға қоқысты бөліп жинаудың ережелері мен басымдықтарын түсіндіретін болады.

Ал шілдеде алаңдарда сары түсті 6 276 контейнерді орнату жұмыстары басталмақ. Бұл контейнерлер металл, пластик, қағаз, шыны сияқты құрғақ қалдықтарға арналған.

Жасыл түсті мырышталған контейнерлерге азық-түлік қалдықтарын, өңделмейтін органикалық қоқысты тастау керек.

Қалдықтарды бөліп жинаудың қаншалықты пайдалы екендігін АҚШ-та, Түркияда, Қытайда, Швейцарияда, Испанияда, Бельгияда, басқа да елдерде тұратын отандастарымыз айтып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер