BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанаға тағы 75 вагон көмір жеткізілді

Фото: karmetugol.pulscen.kz

Астана, BAQ.KZ. 1 тамыз бен 2 қараша аралығында қалаға қатты отынның 190,9 мың тоннасы жеткізілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

3-5 қарашада Астанаға көмірдің 75 вагоны немесе 5191 тоннасы жеткізілді. Оның 23 вагоны – «Шұбаркөл» маркалы (1582 тонна), 18 вагоны – «Майкөбе» маркалы (1244 тонна), 14 вагоны –«Қаражыра маркалы (965 тонна) және 20 вагоны – «Богатырь» маркалы (1400 тонна) көмір.

Қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, «Шұбаркөл» маркасының тоннасы – 13 600 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 14 мың теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге, «Богатырь көмір» тоннасы – 9500 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12500 теңге.

Астаналық отын-энергетикалық және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай көмір сатушылармен отын бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойылған болатын.

1 тамыздан 2 қарашаға дейін Астанаға 190,9 мың тонна көмір келіп түсті. Күзгі-қысқы маусымда халыққа қажетті жалпы көмір тұтыну 400 мың тоннаны құрайды.

1 тамыз бен 1 қараша аралағында қалада 178,3 тонна көмір сатылды.

«Қазіргі таңда нарықтағы жағдай тұрақты, проблемалы сұрақтар жоқ. Нарықтағы ахуал Астана қалалық әкімдігімен күн сайын бақыланып, мониторинг жүргізілуде. «i-Көмек 109» базасында тұрғындар үшін «жедел желі» құрылды», - делінген басқарманың хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер