BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанаға Атырау облысы сыйға тартатын көпірдің келбеті қандай болмақ

Есіл өзені үстімен өтетін жаңа жаяу жүргінші көпірі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания басшысы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасына көпірдің фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің мамандығымыздың тағы бір артықшылығы - ол біздің жаңа жобалардың техникалық ерекшеліктерін алдын ала және егжей-тегжейлі біліп отыратынымыз. Көпір құрылысы ұзындығы 300 метр, ешқайда қайталанбайтын 2 450 гүл күлтесінен құралған 2 000 тонналық металдан тұрады», - деп жазады ол.

Жаяу жүргінші көпірі Самал шағын ауданы мен Амфитеатр, Орталық саябақ арасын жалғайды. Осыған дейін көпір ұзындығы 313,5 метр, ені 10,5 метрді құрайтынын, сондай-ақ алты метрлік жаяу жүргінші сызығы, үш метрлік веложол, жарты метр қауіпсіздік сызығынан тұратыны айтылған болатын.

Бұл нысанды Атырау облысы Астананың жиырма жылдық мерейтойына орай тарту етіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер