BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

«Астана-ЕРЦ» төлем құжаты мәселелері бойынша 109 номеріне хабарласуға болады

Фото: astana.gov.kz

Астана қаласы әкімдігінің «iKomek» бірыңғай байланыс орталығына тағы бір қалалық қызмет қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыжылдың 1 шілдесінен бастап «Астана-ЕРЦ» бірыңғай төлем құжатының барлық сұрақтарымен 109 қысқа нөміріне хабарласуға болады.

Осылайша елордадағы тағы бір үлкен мәселе – «қоңырау шалу мүмкін емес «Астана-БЕО» байланыс орталығының» түйткілі шешілді.

Елордада қызмет көрсету сапасы мен өмір сүру жайлылығын арттыруға арналған бастамалардың бірі – елорда тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының құрылуы.

Осы тұста жыл басынан бері 109 бірыңғай нөміріне келесі қалалық қызметтердің байланыс-орталықтары біріктірілді:

- 55-66-55 Астана қ. әкімдігі;

- «Астана Су Арнасы» МКК;

- «Астана-Жылутранзит» АҚ;

- «Астана-ЭЖҮК» АҚ;

- «Астана-ЕРЦ» ЖШС.

iKomek бірыңғай байланыс орталығы қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құрамына кіреді және 365/24/7 тәртібінде жұмыс жасайды.

Біз сонымен қатар тұрғындармен байланыс құралдарын арттырдық. Сіз:

- Telegram чат-боттарына хабарлама жібере аласыз: https://t.me/astanaikomek109_bot;

- Әлеуметтік желілердегі хабарламаларды #astana109 хэштегімен белгілей аласыз;

- Қалалық және ұялы телефондардан 109 қысқа нөміріне қоңырау шала аласыз.

Елорда тіршілігі туралы хабардар болыңыз, біздің төмендегі парақшаларымызға жазылыңыз:

- www.facebook.com/astana109/

- www.instagram.com/astana109/

- https://t.me/astana109112

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер