BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанадағы жолдардың жүктемесін қалай жеңілдетеді

Астана қаласы әкімдігі жол желілері, қаланың жол-көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін ұлғайту және қолдауды тұрақты түрде жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда астанадағы қозғалыстың қарқынды өсуіне байланысты жолдардың өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп жатыр. Ресми сайттың редакциясы қалада іске асырылып жатқан ең ауқымды жобаларды іріктеп шығып, таныстыруды ұйғарды.

Транспорт жүктемесін азайту мақсатында Астана қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес Кіші айналма жолдың құрылысы жүргізілуде (ары қарай КАЖ), Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша, Ұлы Дала мен Ақжол, Ш. Бейсековадан өтетін жолдың жалпы ұзындығы 46 км. 2007 жылдан 2017 жыл аралығында 22,8 км жол салынды.

Жалпы алғанда КАЖ құрылысы транзитті транспорттың (тәулігіне 20 мыңнан астам автомобиль) Астана қаласының әкімшілік орталығына соқпай өтуге мүмкіндік береді. Яғни Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Бөгенбай батыр даңғылдарымен және Сарайшық көшесіндегі қарқынды қозғалысты айтарлықтай қысқартады.

Бүгінде Қ.Мұхамедханлв көшесі бойынша өту қамтамасыз етілді, (бұрын Сарайшық к.) Ш.Айтматов к. учаскесінен (Ш. Бейскеова к.) Тұран даңғылына дейін абаттандыру жұмысы жүргізілді. Жаңа жолда 8 жолақ бар. Аталмыш көшенің құрылысы автомобильді транспорттың жүруін кең бағытта қамтамасыз етіп, Сығанақ пен Қорғалжын трассасы бағытындағы параллель жатқан Кіші айналма жолдың ішкі магистральдық транспорт ағынын жеңілдетті.

Көпір құрылысы жыл бойы, үздіксіз және қауіпсіз транспорт құралдарының қозғалысы мен Есіл өзені әрі Нұра-Есіл каналы арқылы екіжақты қозғалыс мүмкіндігі бар жаяу жүргіншілер жолын қамтамасыз етеді.

Абылай хан даңғ. қиылысындағы және Р.Қошқарбаев даңғылындағы транспорт жол айырығының құрылысы жалғасуда. Атап айтқанда, транспорт жол айырығы бар оң айналма және сол айналмалы жүргіні бар құрылғы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталмыш транспорт жол айырығы 7 айналма жүргіні бар «майыстырылған жоңышқа жапырағына» ұқсас етіп жобаланған.

Осы жылы Ұлы Дала даңғылының Ш.Бейсековадан Тұран даңғылына дейін құрылысы басталды.

Басқармада Н.Тілендиев – Ш.Бейсекова көшелерінің қиылысы ауданында транспорт жол айырығы құрылысының жобасы әзірленді. Транспорт жол айырығы құрылысының шығу шекарасында жер учаскесі бар. Оның сатып алу кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Құрылыстың аяқталу мерзімі жер учаскесін жекеменшік иелерінен босатуды қамтамасыз етуге байланысты.

Ш.Бейсекова көшесінен Н.Тілендиев даңғылынан Ақжол көшесіне дейін құрылыс, Ақжол көшесінен Ш. Бейсекова көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Ұлы Дала даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін құрылыс жүруде. Оның ішінде 4 транспорт жол айырығы және жалпы ұзындығы 8 км 1-ші жол өткізуді 2020-2023 жылдары аяқтау жоспарланған, ол үшін сүрілу жұмыстарын жүргізу қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер