BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанадағы жаңбыр суында қайықпен жүргендерге не себепті айыппұл салынғаны айтылды

Фото: Скриншот

Полиция өкілдері Астанадағы Момышұлы даңғылында су басқан аумақта үрленетін қайықпен жүзіп жүрген екі жігітке неліктен айыппұл салғандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тамызда шамамен кешкі сағат 19.00-дерде астаналық екі тұрғын Момышұлы даңғылының бойында үрленетін қайықпен жүзіп жүрді. Жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында олар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардан жауап алынды. Екі тұрғын көңіл көтеру мақсатында осылай жасағандарын айтып түсіндірген. Екеуіне қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Іс материалдары Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салған.

"Ол аумақты басқару қиын, онда көп ереже бұзушылықтар жасалған. Астаналық екі тұрғынның салдарынан түрлі жағдайлар болар еді. Олардың әрекеті басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, тамыздың 20-21 күндері Астанада көп мөлшерінде жаңбыр жауған болатын. Соның салдарынан жолдарды су басып, кептелістер болды. Куәгерлер оталмай қалған автобустар мен қайықпен жүрген адамдардың видеосын желіде жариялаған еді.

Сонымен қатар, осы жауын салдарынан салонына су толған қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Және Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың суға толып кетуі елорданың халықаралық беделіне нұқсан келетін іс екенін айтты. Осыдан кейін Үкімет басшысы Сағынтаев Астана нөсеріне атүсті қарап келгендіктерін айтты.

20 августа на Астану обрушились дожди. Двое жителей столицы решили пересесть на лодку и "покорили" соцсети. Через 4 дня стало известно, что их оштрафовали на 12 тысяч тенге. В полиции посчитали их поступок мелким хулиганством.

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер