BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен рецидивист ұсталды

Полиция қызметкерлері 25 ақпан күні Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен рецидивисті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

Тәртіп сақшылары сотталушыны бір тәуліктен астам уақыттан кейін ұстап алған.

«Іздестіру шаралары кезінде Қарағанды облысы ІІД Нұра ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ахмет ауылының маңынан «жигули» автокөлігін көрген. Көлік ішін тексеру барысында жолаушы ретінде отырған адамның іздеу салынған сотталушы екені белгілі болады. Тұтқынға алу барысында сотталушы ешқандай қарсылық көрсетпеген. Ол бас бостандығынан айыру орындарынан қашып кеткені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабындағы санкция бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер