BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астанадағы Нұрлы жол вокзалында капсула қонақүй ашылды

Фото: informburo.kz

Астанадағы Нұрлы жол вокзалында капсулалық қонақүйлер ашылды. Онда ауданы 3 шаршы метр болатын он бөлме бар, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі informburo.kz басылымына сілтеме жасап.

«Капсулалық отель – демалу мен ұйықтау үшін өте ыңғайлы әрі қымбат емес. Ол бюджетін үнемдеген турист үшін де, іскери адамға да тиімді. Қонақүй бөлмесінің бағасы екі мың теңгеден бес мың теңгеге дейін жетеді. Ақшасы онда қанша уақыт қалуыңа байланысты», - деді жобаның негізін қалайшы Жібек Әділбақытқызы.

Фото: informburo.kz

Капсулалық бөлмеде 3 сағат болу үшін 2 мың теңге, 6 сағатқа 3 мың теңге, 12 сағатқа 4 мың теңге және 24 сағатқа 5 мың теңге төлеу керек. 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін кіргізуге болады. Қонақүй екі аумаққа – әйелдер және ерлерге арналған болып бөлінген. Онда бір адамдық 10 бөлме бар.

Фото: informburo.kz

Әр бөлменің ауданы – 3 шаршы метр. Ені – 1,3 метр, ұзындығы – 2,26 метр.

Қонақүйде вентиляция, климат бақылау, жарықтандыру, Smart TV, жоғары жылдамдықтағы интернет бар. Адамның көңіл күйіне қарап, жарықты реттеуге болады және келушілердің затын қауіпсіз сақтау үшін сейфтер қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер