BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астанадағы көрмеде ресейлік fashion-индустрия ең сәнді коллекцияларын ұсынады

Фото: gbtimes.com

26 қыркүйекте Астана қаласында тоқыма, киім, аяқ киім, тері және тері өнімдерінің инновациялық коллекцияларын ұсынатын ресейдің жетекші компанияларының бірегей көрмесі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Орта және шағын бизнестегі отандық өндірушілер жетекші ресейлік компаниялармен В2В форматында тікелей іскерлік қарым-қатынас пен шығармашылық байланыс орнатудың бірегей мүмкіндігіне ие бола алады. Халықаралық көрме ұйымдастырушылары қазақстандық компанияларға жетекші ресейлік fashion-брендтерді ұсынуға және сән өнімінің жаңа жеткізушілеріне жол ашып беруге уәде беріп отыр.

26 қыркүйекте Астана-ЭКСПО халықаралық көрме аумағындағы Конгресс-орталықта брендердің түсау кесуі, дефиле форматында ресейлік компаниялардың коллекция көрсетулері көрініс алады.

Аталған сауда-іскери миссия – байерлер мен кәсіпқойлар үшін жеңіл өнеркәсіптегі ресейлік өнімді сатып алу саласындағы екі жақты сауда қатынастарын дамытудың бүкіл әлеуеті көрсетілетін мінсіз орын. Бұл күні 40-тан астам көшбасшылар мен ресейлік fashion-индустрия флагмандары қазақстандық көрерменнің назарына ең сәнді үрдістерді және әр түрлі талап етілетін бағыттағы коллекцияларды ұсынатын болады.

Аталған көрме Ресейлік экспорттық орталық – ресейлік экспорттаушыларға қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралардың кең спектрін ұсынатын шикізат емес экспортын қолдау мемлекеттік институтының қарқынды қызметінің арқасында мүмкін болып отыр.

Көрме 26 қыркүйекте Конгресс орталығында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер