BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанадағы көмірдің қоры 12 мың тоннадан асты

Фото: Atameken Business Channel

Астана, BAQ.KZ. Қалада көмірдің жалпы қоры 6 қарашада 12003,21 тоннаны құрады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Астанаға 969 тонна көмір келіп түсті: «Шұбаркөл» маркасы – 621 тонна, «Майкөбе» маркасы – 130 тонна, «Қаражыра» маркасы – 210 тонна. «Шұбаркөл» маркасының бағасы Астанада – 13 600 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 13 500 теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге, «Богатырь көмір» тоннасы – 9000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Астанада отын сатумен айналысатын 8 компания бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер