BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада журналистер сот репортерінің шеберлігін меңгерді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьялар гильдиясы және Ф. Эберт қорының қолдауымен «Сот пен БАҚ арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық» тақырыбында екі күндік семинар өткізді. Бұл туралы елордалық әкімдіктің ресми сайты ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Іс-шара құқықтық және сот мәселелеріне мамандандырылған журналистерге арналған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Болат Кальянбеков жоғары сот органы жүргізіп отырған белсенді ақпараттық саясат туралы әңгімеледі. Бұл жұмыстың мақсаты - қоғамның әділеттілікке деген сенімін арттыру.

«Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында да осы міндет алға қойылған", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі жұмысқа үлкен көңіл бөледі. Барлық маңызды оқиғалар онлайн режимінде көрсетіледі, соттардың судьялары мен қызметкерлері Facebook әлеуметтік желісінде белсенді.

Семинар аясында ҚР Жоғарғы Сотының судьялары Елена Максюта, Денис Шипп және Гүлнар Мергенова сөз сөйледі. Олар сот құрылысы, сот өндірісі, соттық ақпаратты алу әдістері мен заң шеңберінде кейбір сот процестерін жарияламау туралы айтты. Сондай-ақ семинарда сот жұмысын жариялау мен тапсырыстарды рәсімдеуде кездесетін қателіктер ортаға салынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер