BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада жылу бағасы ауа райына байланысты есептеледі

Астана. BAQ.KZ тілшісі. «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сергей Голев елордада жылу бағасы қалай есептелетінін айтты.

«Бір жылу гигакалорияны таратуда «Астана-Теплотранзит» тарифі – 1180 теңге. Тұтынушылар үшін орта есеппен өлшенген тариф – 2950 теңге. Неліктен орта есеппен өлшенген деп тұрмыз?! Себебі, ол жерде заңды тұлға, жеке тұлға бар, жылуды аспап есебімен және есебінсіз тұтынатындар бар. Әрқайсында баға әртүрлі. Аспап есебінсіз жұмыс істейтіндерді аспапты қоюға ынталандыру үшін олар 20 пайыз артық төлейді», - дейді Голев.

Сондай-ақ «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы елордада жылу бағасы ауа райына тәуелді деп отыр.

«Шаршы метрге қатысты жылу Астанада ауа райына байланысты есептеледі. Күн суық болған сайын нысан жылуды көп тұтынады. Егер бір шаршы метрді қаңтарда есептейтін болсақ 60 теңге, егер қазанда есептесек 20 не 10 теңге болады. Бұл нақты сан емес, ол сол айдағы ауа райына қарай көбейіп не азайып отырады. Жылыту маусымы енді басталды. Қазан аяқталып жатыр. Ал шаршы метрге қатысты жылу бағасын біз емес, «Астанаэнергосбыт» есептейді», - деді басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, заң бойынша жылу нарығында үш қатысушы бар: энергия өндіретін ұйым «Астана-Энергия» АҚ, энергия жеткізетін «Астана-Теплотранзит» АҚ, ал энергия өткізуді «Астанаэнергосбыт» ЖШС жүргізеді. Әр қатысушы өзіне берілген міндет бойынша жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер