BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Елордада жаңа автобекет өз жұмысын бастады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Елорданың инфраструктурасын дамыту мен өзгеруіне байланысты «Нұрлы жол» Темір жол вокзал кешенінің қасында «Сапаржай-Астана» автобекеті жолаушыларға қызмет көрсетуін бастады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі

2000 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Сапаржай-Астана» автобекеті күніне 100-130 xалықаралық, облыстық, облыс іші бағытында қызмет көрсетеді. Оның ішінде 14 xалықаралық, 44 облыстық, 62 облыс іші бағыттары болып бөлінеді.

«Қала әкімдігінің қолдауымен жаңа темір жол вокзалының қасынан автобекет ашылып отыр. Автобекетте 20 адам тәулік бойы ауыспалы кезеңмен жұмыс істейді. «Нұрлы жол» темір жол вокзалы қалай жұмыс істесе, біздің де автобекет солай қызмет көрсетеді. Әзірге облыс арасында 6 бағыт бойынша, облыс ішіне 5 бағыт бойынша автобустар жүретін болады. 2019 жылдың екінші жартысына дейін барлық бағытты қосатын боламыз. Билеттерді және қосымша мағлұматты кассалардан, интернеттен және әлеуметтік желіден қарауға болады», - дейді ЖШС «Сапаржай-Астана» директоры Бекжанов Жарқын

Автобекетте Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Қызылорда, Алматы, Шымкент, Қорғалжын, Ерементау, Көкшетау, Державинск бағыттар бойынша автобустар жүреді. Оның жалпы алаңы 8 600 шаршы метрді құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер