BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада үлескерлерге 167 млн теңге қайтарылды

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының қылмыстық қудалау органдары бір жарым жылдан астам уақыт «Юго-Восток» ТК-ні құрылысын аяқтамаған «Инженерно-сервисная компания» ЖСШ-нің басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеді.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше елордалық прокуратура араласқаннан кейін жедел-тергеу шаралары жүріп барлық істің мән-жайы анықталды.

«Іс жүргізу прокурорының нұсқауы бойынша компания басшылары Г. Жұбатканова және К. Жұбаткановаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Кейіннен олардың ісі өзгенің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтық жолмен иемденгені және мүліктік шығын келтіргені үшін сотқа жіберілді. Екі басшы да сегіз жылға бас бостандығынан айырылды және кәсіпорындарда, құрылыс саласындағы барлық меншік нысандарында, ұйымдарда басшылық қызметте болу құқығынан сегіз жылға шеттетілді», - делінген хабарламада.

Жауапсыз құрылыс салушылардан 35 үлескердің пайдасына 167 млн теңге мөлшерінде шығын өндірілді. Өндіріп алынған сома есебінен үлескерлерге «Юго-Восток» ТК аяқталмаған объектінің үлесі (мансардтық қабаттар) және 0,3248 га көлеміндегі жер телімі мен рұқсат беру құжаттамасы берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер