BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Астанада үй тазалаушы Жапония азаматын тонап кетті

Астанада үй тазалаушы Жапония азаматын тонап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Астанадағы клинингтік компанияда қызмет істейтін үй тазалаушы тапсырыс бойынша үй жинауға шығады. Ол жинауға барған пәтерде ұрлық жасаған. Сот ісін жүргізу барысында екі тарапқа бұл мәселені медиациялық келісім бойынша шешу ұсынылды. Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотының қаулысымен тараптардың келісімге келуіне байланысты іс тоқтатылды», - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер