BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Астанада 9 жасар бала жоғалып кетті

Фото: Ya-roditel

Тоғыз жастағы Мейіржан спорт кешені ғимаратынан шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кетті. Оның ата-анасы полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Баланың анасының айтуынша, ұлы таңертең «Алатау» спорт кешеніне суға жүзуге кеткен.

«Әдетте оны әкесі апарып, алып келетін, бірақ бүгін баламыз ертерек шығып кетіпті. Жаттықтырушымен келіспей қалды ма екен, мүмкін бірнеше минут ерте шығып кеткен болар. Біз полицияға арыз жаздық», - дейді ол.

Тоғыз жастағы Мейіржан спорт кешенінен сағат 12:10-да шыққан.

«Ол үстіне мектеп формасын киіп жүрді. Ал басында Real Madrid деген жазуы бар бейсболкасы болды. Арқасына көк сөмке асып алған», - дейді оқушының анасы.

Осы бала туралы әлдекім хабардар болса, полиция қызметкерлеріне айтуын сұраймыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер