BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада ТКШ және құрылыс саласында жыл сайынғы көрме өтеді

Фото: ComNews

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 15-16 қарашасында Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуға арналған «ТКШ- Құрылыс-ЭКСПО. SmartСity-2018» XI Халықаралық көрме-форумы өтеді.

Іс-шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ресми қолдауымен «Fair Expo» және «Экспо-Сервис» көрме компаниялары өткізеді.

Көрме алаңында ТКШ және құрылыс кешені үшін жаңа техникалық және технологиялық өнімдер ұсынатын жетекші кәсіпорындар кездеседі. Биылғы жылы қатысушылар бірінші рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру және Smart City концепциясын («ақылды қала») іске асыру бойынша шешімдерді ұсынады. Сондай-ақ, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, құрылыс технологиясы және материалдар, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.

Экспоненттер – қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың көпшілігі отандық өндірушілердің тізіліміне енгізілген. Көрмеге Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай компаниялары қатысады.

Іс-шара аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «Тұрақты қалалар - Smart Cities» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияның басты тақырыбы – қала шаруашылығындағы «жасыл» және smart-технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға ПИК қауымдастығы, энергетикалық аудиторлық компаниялар, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, басқару және сервистік компаниялар, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Көрме-форумның ресми ашылуы 15 қараша күні сағат 10:00-де «КӨРМЕ» көрме орталығында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер