BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Астанада тағы бір даулы құрылыстың мәселесі шешілді

Астана әкімдігінде кезекті апта сайын өтетін аппарат жиыны өтіп, онда үлескерлік құрылыс, дезинсекция, құқық қорғау және көше тазалығы мәселелері қаралды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша баяндаманы бірінші болып Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жасады.

«Есіл-1» ТК даулы нысаны пайдалануға берілді және 162 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді, бұл 500-ден астам тұрғынның белгіленген тәртіппен құжаттарын рәсімдей алады деген сөз», – деп хабарлады С. Хорошун.

Оның айтуынша, ВАК-тың соңғы апталардағы отырысында 13 объекті қаралған.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілетті компаниясымен 4 шілде күні «Проектная компания «Карой строй маркет» ЖШС мен «ТК-Жағалау» ТҚК бірлесіп, «Жағалау 4» (полигон 4) даулы нысанының құрылысын бірлесіп аяқтау туралы келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер