BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Фото: egemen.kz

Өңіраралық ынтымақтастық аясында 16-17 қыркүйекте Астанада Қ. Мұңайтпасов көшесі бойынша «Қазақстан» СК аумағында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұнда 58 шатыр орналастырылып, 100-ден аса сауда нүктесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Семей, Өскемен қалаларының, Абай, Аягөз, Зырян, Глубокий, Қатон-Қарағай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Жарма аудандарының ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады.

Өткізілетін жәрмеңке аясында астаналықтарға жалпы 200 млн теңгеге 349 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: бал -35 т, шұжық өнімдері – 6 т, сүт өнімдері – 11 т, өсімдік майы – 13 т, жарма – 8 т, балық - 8 т, жылқы еті – 45 т, қымыз және өзге де ұлттық тағамдар – 10 т, көкөніс өнімдері – 200 т және т.б.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан 20-30 пайыз төмен сомаға сатып ала алады.

Шара Жарма ауданымен әзірленген шығармашылық ұжымдардың концертімен жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер