Астанада сергек камерасы арқылы 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды - Қоғам|14 Маусым 2018, 21:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Астанада сергек камерасы арқылы 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Фото: kolesa.kz

Апта сайын өтетін аппарат жиынында астананың Ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев қаладағы қылмыс ахуалы туралы Әсет Исекешевтің алдында баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, бейнебақылау камерасының көмегімен 1 656 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 11 қылмыс жасалған. Жалпы өткен аптада қалада 561 қылмыс тіркелді.

«Оқиғаның ізін суытпай 79 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, бұрын жасалған 80, өткен жылы жасалған 15 қылмыс оқиғасы ашылды. Сот пен тергеуден қашып жүрген 7 қылмыскер ұсталды, із-түзсіз жоғалған 4 адам табылды», – деді Қожаев.

Бұдан басқа, қалада тазалық пен тәртіп жұмыстары белсенді жүргізілуде. ІІД ақпаратынша әкімшілік жауапкершілікке 34 ШОБ басшысы тартылды.

Сонымен қатар, 1 сәуір мен 30 маусым аралығында астанада «Участок» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп, соның шеңберінде өткен аптада 1 492 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қожаев бас қалада заңсыз көші-қонның жолын кесу шараларын да қабылдап жатқанын айта кетті.

«Әкімшілік жауапкершілікке 195 шетелдік тартылды. Сот тәртібімен елден 25 адам шығарылды. Ретсіз сауда орындарын тексеру барысында көші-қон заңын бұзғаны үшін 20 шетелдік анықталып, олардың елде болу мерзімі қысқартылды», – деп түйіндеді Марат Қожаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер