BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада сатылымға шығарылатын көмір жеткілікті

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов астанада көмірдің барысына ревизия жасады. Ол қатты отынды сататын негізгі нүктелерге барып, күн сайын түсетін көмір туралы есепті тыңдады және де халық арасында айқай-шуға жол бермес үшін нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жұбанов көшесі, 35 үйдегі сауда алаңы әкімнің бірінші барған жері болды. Көмірді сатушылар мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір және 5 вагон Майкөбе маркалы көмір келіп түсетінін айтты. Сұраныс көбіне таңертеңнен түске дейін қыза түседі. Ал кешкісін көмір жеткілікті болса да сатып алушылар келмейді екен, оның ішінде шұбаркөлдік көмірге сұраныс жоғары.

Көктал 28/1 (ет комбинаты) мекенжайындағылар әкімге мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір келетінін, 5 вагон Майкөбеден, 3 вагон Қаражырадан келетінін түсіндірді. Күніне 200 КамАЗ көмір сатылады. Көмір тиеу таңғы сағат 7-ден басталып, кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Бір көлікке шамамен 10 минут уақыт кетеді. Соның өзінде кейбір ірі жүк көлік жүргізушілері кезекті сақтай бермегендіктен шу шығып жатады екен.

"Егер бәрі өз кезегімен тұрса тез жылжиды. Бірақ жүргізушінің бірі сәл «алға кезексіз» шыққысы келгенінен кептеліс туындайды. Тіпті төбелеске дейін барады. Сағат 17.00 жүк тиеу аяқталады. Сол себепті кім үлгере алмай қалады, ертеңге қалады. Тағы бірі мысал, алыпсатарлар жақын маңдағы халыққа көмірді қайта сату үшін күн сайын осында тұрады", - деді жүк көлігінің иесі.

"Көмір сатушылар алушылардың айқай-шу шығармай тыныш тұрса, барлық клиенттерді өз уақытымен жіберетінін айтуда. Көмір барлығына жетеді, ол жағынан проблема жоқ", - дейді олар.

Айта кетейік, көмірдің жалпы қоры 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 7951 тонна. Бұдан бөлек, астанаға 7-18 қыркүйек аралығында 197 вагон немесе 13 50 тонна көмір келіп түсті. Оның: - 76 вагоны немесе 5266 тонна Шұбаркөл көмірі (тоннасы 13500 – 14500 тг); - 32 вагон немесе 1804 тонна Қаражыра көмірі (тоннасы 14 000 тг); - 5 вагон немесе 346 тонна Богатырь көмірі (тоннасы 8500 – 9500 тг); - 67 вагон немесе 4 649 тонн Майкөбе көмірі (тоннасы 12000 - 12500 тг). Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Астана отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір өндірушілермен бағаны өсіруге жол бермеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Нарықтағы ахуалға күн сайын астана әкімдігі мониторинг жүргізуде. Қатты отынды сататын орындар мен бағасы туралы ақпаратты тәулік бойы 109 номеріне хабарласып білуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Желтоқсан 2018, 19:28
Астанада 9 көлік соқтығысты
Пікірлер