BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада сантехниктерді оқытатын мектеп пен демалыс бөлмесі ашылды

Астанада «Достар-2» тұрғын үй кешенінде техникалық қызметкерлерге арналған барлық жағдай қарастырылған демалыс бөлмесі мен тегін оқытылатын «Сантехниктер мектебі» ашылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астанадағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылында болып жатқан жаңалықтармен танысу мақсатында журналистер «Достар» тұрғын үй кешеніне барды. Ең алдымен екі ай бұрын ашылған «Сантехниктер мектебін» аралап көрді. Оқу корпусы екі бөлмеден тұрады: бірінде парта мен орындықпен жабдықталған сынып болса, екінші бөлмеде практика арқылы үйрету мақсатында техникалық құрал-жабдықтар қойылған. Оқу курсы теория бір апта, практика бір аптаға созылады.

«Клиенттерге сапалы қызметпен қамтамасыз етуіміз керек. Сол үшін сантехниктер мен электриктер өздерін қалай ұстап, клиентке қалай түсіндіруі тиіс, жаңа жабдықтарды, жарықдиодты жарықтандыру бойынша, автоматиканы оқытамыз. Мысалы, су басқанда ПИК үйдегі суды тұтасымен өшіріп тастайды. Ал біздің тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлеріміз тек бір пәтердікін ғана өшіріп, қалған тұрғындарда судың болуын қамтамасыз етеді. Ең алдымен өз қызметкерлерімізді оқытамыз. Қазірге дейін шамамен 47 адам оқытылды. Астанадағы басқа мекемелерден ерекшелігіміз – олар теорияны ғана оқытса, біз теория мен практиканы ұштастыра үйретеміз. Алдағы уақытта біздің компаниямызда жұмыс істемейтін басқа да қызметкерлерді оқытамыз», - деді ол.

Осыдан кейін журналистерге «Достар» тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін «Астана ЖилСервис» қызметкерлеріне арналған демалыс орны таныстырылды.

«АСЖ» директоры Анатолий Постниковтың айтуынша, демалу бөлмесінде аула сыпырушылары мен үй подъездерін тазалаушыларға демалады.

«Бөлме 27 қызметкерге арналған. Мұнда қызметкерлердің ыңғайлы жұмысы мен демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Асхана зонасында қысқатолқынды пеш пен тоңазытқыш бар. Ал өндірістік жиналысқа арналған жеке бөлме ноутбук және принтермен қамтамасыз етілген», - деді ол.

Нарықта 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания Астанада жыл сайын көп қабатты үйлер көбейген соң жағдайды талдап, қызметкерлер арасында сауалнама жүргізген.

«Демалыс бөлмесін жасамастан бұрын ең алдымен талдау жүргізіп, қызметкерлерімізге киімдерін ауыстырып, демалуына арналған орынның қажет екенін түсіндік. Олар қаншама уақыт үйлеріне жұмыс киімімен шаң-шаң күйінде, терлеп қайтуға мәжбүр болды. Сол себепті ең бірінші кезекте суға шомылатын кабина мен кір жуу машинасын қойдық. Көпшілігі компьютер, принтер, жұмыс кімдерін қою үшін арнайы жәшіктер сұрады. Олардың барлық қалауын орындадық», - деді Постников.

Ол алдағы уақытта Астанада осындай 20 демалыс бөлмесін ұйымдастыру жоспарда барын атап өтті.

«Ең алдымен мұндай орындар үлкен массивтерде орналасады. Осындай орынды ашуға жөндеу жұмыстарына,техникамен және жиһазбен жабдықтау үшін миллион теңгеден көп қаржы қажет. Бірақ біз қызметкерлеріміздің жауаптылығы мен кәсібилігіне үміт артып, олардың еңбегі лайықты бағалануы тиіс екенін түсініп, осындай ақшаны жұмсауға дайынбыз», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер